10 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша істемейді. Бұл туралы мемлкеттік кірістер комитеті баспасөз қызметі хабарлады.
ҚХР-да «Айдаhар-қайықтары» мерекесін тойлауға орай 2024 жылғы 10 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттарында тұлғалар, көлік құралдары мен жүктер өтпейді, — делінген хабарламада.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штат режимінде жұмысын жалғастырады.