2023 жылғы 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторында жалғасып жатқан шабуылы нәтижесінде қаза болған палестиналықтардың саны 36 654-ке жетіп, 83 309-ы жарақат алды.
Бұл туралы Anadolu хабарлады.
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі тәулікте анклавтың тағы 68 азаматы қаза болып, 235-і жарақат алған.
Қаза болғандардың денелері әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр, — делінген хабарламада.