Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы су» хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым сағат 00.00-ден 14 маусым сағат 8.00-ге дейін су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты Жетісу ауданында Рысқұлов — Лобачевский — Сейфуллин — Ақпаев көшелері шаршысында суық су беру уақытша шектеледі. Жұмыс барысында Түрксіб ауданында Рысқұлов даңғылы — Сейфуллин даңғылы — Жұмабаев көшесі — Жансүгіров көшесі шаршысында су қысымының төмендеуі күтіледі, — делінген хабарламада.