Алматыда жыл басынан бері жергілікті бюджет кірісі 30%-ке өсті. Бұл туралы қалалық қаржы басқармасы хабарлады.
Жергілікті бюджетке 33,5% өсіммен 719,7 миллиард теңге кіріс түсті. Бұл шағын және орта бизнес өсімі есебінен корпоративтік салықтың 49,4%-ке ұлғаюына байланысты. Сонымен қатар әлеуметтік салық бойынша түсімдердің 52%-ке өсуі қамтамасыз етілді.
Қаржы басқармасының мәліметінше, Алматының мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі 28,6% болды. 2024 жылғы наурызда қала бюджеті 103,6 миллиард теңгеге 1 726,2 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.
2023 жылы қала экономикасы 10,1%-ке өсіп, 24,8 триллион теңгеге жетті. Бұл кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін 2022 жылғы 5,0%-тен 2023 жылы 4,8%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы, Алматы қаласының Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,6%-ке дейін өсті, — делінген хабарламада.