Басты бетЖаңалықтарДоллар 446–451...

Доллар 446–451 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446–451 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,9-449,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 446-451теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 6 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,64 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,06 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,97-5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,97-5,07 теңгеден сатылып жатыр.