Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.
Биылғы сәуір айында жылдық инфляция наурыз айында 9,7%-тен 9,1%-ке дейін баяулады. 2024 жылы жылдық инфляция одан әрі 7-8%-ке дейін баяулауы мүмкін.
Қалада тұрақты жұмыс орындарына баса назар аудара отырып, жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр. Биыл 19,5 мың жұмыс орны құрылды (биылғы жоспар – 87 мың), оның 61%-і тұрақты. Бұл ретте, қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі – биылғы жылдың бірінші тоқсанында 4,7%-ке дейін төмендейді, — делінген хабарламада.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңге болды (республика бойынша – 382 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 16,4%-ке, нақты мәнде 6%-ке өсті.