ҚР ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол жылына 14,50%-ке төмендеді.
Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,50%-ке дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада.
Биыл сәуірде инфляция болжамдарға сәйкес төмендеді. Инфляцияның орнықты бөлігі баяулағаны байқалды.
Ортамерзімді келешекте 5%-тік инфляция бойынша мақсатқа жету ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуді қажет етеді. Инфляцияның орнықты бөлігінің тұрақты түрде баяулауы базалық мөлшерлемені бұдан әрі байыппен төмендетуге жағдай жасайды. Қазіргі ақша-кредит шарттары инфляциялық үдерістердің баяулау қарқынын бекітуге және инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға бағытталған, — делінген хабарламада.