Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

Бүгін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Зілзала ошағы Бішкектен солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің күші 4,4 балл болды.

Қырғыз Республикасы ұлттық ғылым академиясының сейсмология институты Бішкекте күші 3,5 болатын жерасты дүмпулері сезілгенін хабарлады. Жерасты дүмпулері Бішкек уақытымен сағат 11.13-те тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар жоқ.