Басты бетЛионель Месси...

Лионель Месси «Барселонада» көргісі келетін ойыншылардың тізімін жасады

Команда алдағы уақытта қорғаушы, жартылай қорғаушы, плеймейкер және шабуылшыны жаңартуы мүмкін.  Месси бұл орындарға лайықты ойыншыларды таңдап үлгерген.

Ол қорғаушы Эктор Бельерин («Арсенал») мен жартылай қорғаушы ретінде Марко Вератти («ПСЖ») және Бернарду Силваның («Монако») келгенін қалайды. Ал плеймейкер қызметін Филиппе Коутиньо («Ливерпуль») атқара алатынына сенімді. Бірақ ағылшындық клуб өз ойыншысын сатпайтынын мәлімдеп үлгерді. Шабуылшыларға «Монако» ойыншысы Килиан Мбаппенің, болмаса «Боруссия Дортмундтық» Усман Дембеленің келгенін жөн санайды.

ДереккөзVesti.kz