2020 жылы Қазақстанда ұлттық халық санағы болады

Ұлттық санаққа дайындық 2018 жылы жүргізіледі. Оған еліміздің біраз өңірлері қатыстырылады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкеловтың айтуынша, дайындық Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз аудандарында өтеді деп жоспарланған.

«Бұрын ұлттық санақ деген түсінікке ауыл шаруашылығы санағы да енгізілетін. Енді біз оны екіге бөлдік. Атауының өзі айтып тұрғандай, біріншісі адамдарды, екіншісі — ауыл шаруашылығындағы жерлерді, малды білдіреді», — дейді Нұрболат Айдапкелов.

Комитет төрағасы халық санағын жүргізуге жаңа технологияларды қолданып көрмекші. 

Алайда, санаққа қажетті қаржылық мәселе әлі шешілмеген. Ол күзде бюджетті жоспарлау кезінде ұсынылады. 

ДереккөзKazdala.kz