Ұлыбританияда қазақ дәстүрлерінің заманауи психологиямен байланысы, дәстүрдің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы семинар өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елшілігі хабарлады.
Балаларды қорғау күні қарсаңында, 31 мамыр сағат 12:00-14:00 аралығында елшілікте психолог және «PERZENT: Uniting Nomadic Roots in PRESENT Child-Rearing» кітабының авторы Нұргүл Молдабайқызының қатысуымен қазақтың кейбір дәстүрлерінің заманауи психологиямен байланысы және олардың бала тәрбиесіндегі әлеуеті туралы кездесу-семинар өтеді, – делінген хабарламада.
Семинар қазақ және ағылшын тілдерінде өтеді.