Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына қатысты сағат 10.00-дегі ақпаратты жариялады.
Министрліктің мәліметінше, рспублика бойынша 63 009 адам өз үйлеріне оралды. 5 307 адам эвакуациялау пункттерінде жатыр.
Су тасқыны болып жатқан аймақтарда 27,3 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8,1 миллионнан астам қапшық және 1,5 миллионнан астам тонна инертті материал төселді, — делінген хабарламада.