Басты бетЖаңалықтарНидерланд Корольдігінің...

Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Қазақстанға келді

Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Марк Рютте жұмыс сапарымен Қазақстанға келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттені «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды, — делінген хабарламада.