«Қазгидромет» РМК жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева маусым айында күн райы қалай болатынын айтты.
Маусым айында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғары, яғни, ыстық болады деп болжанып отыр. Республиканың басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп отырмыз. Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы,Түркістан облыстарының басым бөлігінде және Қарағанды облысының оңтүстігінде температура норма шамасында болады, — деді Қамар Сәлиева «Қазгидромет» орталығында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, маусымда жауын-шашын мөлшері норма шамасында күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде нормадан аз болуы мүмкін. Олар: Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс аумақтарында, — деді Қамар Сәлиева.