18 сәуірдегі ауа райына болжам

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел соғады, деп хабарлайды "Казгидромет".

Фото: En.eyeni.biz

Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с болып, кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында да тұман күтіледі, күндіз желдің екпіні 25 м/с болады.

Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының бірқатар аудандарында тұман түссе, Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында найзағай күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде де тұман түсуі мүмкін.

Ал Астана қалсында күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Ауаның температурасы түнде +1+3°С, күндіз +13+15°С болады.     

Алматы қаласында күндіз бұлтты болса, түнде жаңбыр жауады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version