Универсиадаға қатысқан бірде-бір спортшы допинг қолданбаған

Биылғы жылдың басты додаларының бірі атанған Алматыда өткен қысқы Универсиада 2017 ойындары допингісіз таза және әділ өткені белгілі болды. Бұл туралы Халықаралық Студенттік спорт федерациясы (FISU) ресми мәлімдеді.

Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті. Оған 57 елден 1621 спортшы қатысқан болатын. Зертханаға жалпы саны 216 спортшының сынамалары жіберілген. Олардың бірде-біреуінен допинг табылмады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиадада Қазақстандық спортшылар 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Ал бірінші орынды Ресей құрамасы иеленді. Олар барлығы 71 медаль (29 алтын, 27 күміс, 15 қола) жеңіп алды. Үшінші орынды 11 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль еншілеген Оңтүстік Корея елінің спортшылары қанжығасына байлады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version