Алматыда Қайрат шағынауданы Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылыс бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған.
Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Басқарманың мәліметінше, жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмысын тоқтата тұруға және учаскені бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берген. Бірақ меншік иесі талапты орындамады, осыған байланысты іс сотқа жолданды.
2024 жылғы 27 наурызда Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды, — деп хабарлады басқармадан.
Оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сонымен қатар «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.