Алматы мен Астанада жауын жауса, Шымкентте күн жылы болады. Бұл туралы «Казгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігі атмосфералық фронтардың ықпалында болғандықтан, тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, дауылды жел күтіледі.
Астанада қатты жауын жауып, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы — 9-14 м/с, кей тұста — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +2…+ 4°C, күндіз: +12…+14°C.
Алматыда аспан бұлтты болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +9…+11°C, күндіз: +11…+13 °C.
Шымкентте жауын-шашын болмайды, күн райы тымырсық. Ауа температурасы түнде: +3…+5°C, күндіз: +17…+19°C.