Басты бетЖаңалықтарАтырау-Индер трассасының...

Атырау-Индер трассасының Атырау қаласына кіретін бөлігі жабылды

Атырау-Индер трассасының Атырау қаласына кіретін бөлігі жабылды. Бұл туралы Атырау облысы жедел штабы хабарлады.

Штабтың мәліметінше, Жайық өзенінің сол жағалауындағы жолдың жабылуына тасқын судың молдығы себеп болып отыр.

Өр суының қарқыны күшеюіне байланысты Атырау-Индер трассасының Атырау қаласына кіретін бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылды. Көлік қатынасы тоқтатылды, — делінген хабарламада.

Штабтың мәліметінше, Жайық өзенінің оң жағалауындағы Атырау-Орал трассасының 44-ші және 71-шақырымы жабық тұр.