Басты бет Экономика 2018 жылдан бастап 1066 ауылдың өз бюджеті болады — Тимур Сүлейменов

2018 жылдан бастап 1066 ауылдың өз бюджеті болады — Тимур Сүлейменов

Ұлттық эконоика министрі Тимур Сүлейменов "Нұр Отан" партиясы фракциясының жиналысында еліміздегі 1066 ауылдың бюджеті өздеріне берілетінін мәлімдеді.

Министр дербес бюджетті дұрыс игеріп, коммуналдық мүлікпен жұмыс жүргізу үшін экономикалық, қаржылық білімі бар мамандардың қажеттігін атап өтті. Ол үшін ауыл әкімдерінің қаржылық сауатын арттыру да көзделіп отыр.

Депутаттар бұл заң жобасы ауылдың көркеюіне себеп болады деген пікірде.

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның ойынша, бұл заңды қабылдау ауылдық жердің өз қаражаты болып, туындаған мәселелерін қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді.

«Қаржы жұмсаудың 19 бағытының ішінде ауылдағы жолдарды салу, жөндеу, мемлекеттік тұрғын үй қорын күтіп ұстау, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, ауылдық елді мекендерде тұратын оқушыларды мектепке тегін апарып, алып қайту, азаматтарды ауруханаларға жеткізу, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсету сияқты мәселелер бар. Қаржыландыру бағыттары халықтың тікелей қатысуымен анықталады»,- дейді Гүлмира Исимбаева.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version