Кәріз проблемасы көбіне оны қоқыс жәшігі ретінде пайдалану салдарынан туындайды. Бұл туралы «Алматы Су» кәсіпорны хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кәріз люктерін ұрлау қаланың барлық ауданында байқалады. Соңғы оқиға Шапағат шағын ауданда болды. Осы жылдың ақпан-мамыр аралығында мердігер ұйым кепілдік міндеттемелер аясында сегіз люк қақпағын орнатты, олардың жартысы қолды болған. Мердігер люк қақпақтарын 25 мамырға дейін қалпына келтіреді.
Ұрлық қалалық инфрақұрылымға ауыр зардаптар әкеледі. Кәріз желілерін бітеп тастайтын қоқыс ашық құдықтарға түседі. Оның ішінде, сынған термометрлер, мерзімі өткен дәрі-дәрмек, аэрозольдер, электронды құрылғылар, флуоресцентті шамдар, резеңке бұйымдар, жиһаз және ыдыс-аяқ бар, — делінген хабарламада.
Люк — коммуналдық қызметтердің жалғыз проблемасы емес. Қала ішіндегі арық желілері де үнемі қоқысқа толып жатады.