Басты бетЖаңалықтарЕлімізде несие...

Елімізде несие қарызын төлемеген 1,5 миллион адам бар

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов тұтыну несиесі бойынша қарызын жаба алмай жүрген адамдардың санын жариялады.

Менде биылғы 1 сәуірдегі мәлімет бар. Тұтыну несиелерінің жалпы сомасы 14,2 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде 90 күннен асқан, яғни, мерзімі өткен несиелердің үлесі 1,6 триллион теңге немесе 12%, — деді Олжас Қизатов сенатта болған баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тұтыну несиесін алғандардың саны 8,4 миллион адам. Соның арасында 90 күннен астам қарызын өтемеген 1,5 миллион адам тіркелген.