Басты бетЖаңалықтарБүгін Атырауда...

Бүгін Атырауда ауа ластанады

Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

2024 жылғы 23 мамырда Атырауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.