2024 жылғы 20-31 мамыр аралығында Қазақстанның бес қаласында технологиялар мен коммерция әлеміндегі басты іс-шаралардың бірі — Орталық Азияның сегіз елін қамтитын Huawei Central Asia Commercial Roadshow өтеді. Жаһандық технология флагманы Huawei компаниясы ұйымдастырған Roadshow цифрлық инфрақұрылымды дамыту және Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінің алдында тұрған өзекті міндеттерді шешу мақсатында жетекші сарапшыларды, бизнес және үкіметтік құрылымдар өкілдерінің басын қосты.
Іс-шараның бірінші күні 20 мамырда Алматыда өтті, оның аясында байланыс, бұлтты есептеу, жасанды интеллект, Заттар интернеті және басқа да көптеген саладағы озық технологиялар ұсынылды. Іс-шара Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірі бойынша Huawei Enterprise коммерциялық бизнес бағытының директоры Джейсон Янгтың құттықтау сөзінен басталды. Ол компанияның Қазақстанның кәсіпорындарымен және мемлекеттік құрылымдарымен ұзақ әрі табысты ынтымағы туралы айтты.
Huawei үшін мемлекеттік және жеке секторда Қазақстанның көпжылдық серіктесі болу үлкен мәртебе. Осы жемісті ынтымақ жылдары ішінде біз елдің цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған жобаларда бірлесе жұмыс істеп, бай тәжірибе жинақтадық. Мен бүгін серіктестерімізді қолдау үшін арнайы жасалған бірқатар инновациялық сервистік және цифрлық платформалардың әзірленгенін хабарлауға қуаныштымын. Бұл платформалар бизнесті жүргізуді жеңілдетуге, тауарлардың логистикасын оңтайландыруға, маркетинг пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге арналған. Біз серіктестеріміздің қазіргі динамикалық әлемде табысқа жету үшін қажет нәрсенің бәріне ие болуын қамтамасыз етуге күш саламыз. Жаңа Huawei платформалары осы бағыттағы маңызды қадам және олар біздің серіктестеріміздің бизнесін дамытудың таптырмас құралы болатынына сенімдімін, — дейді Huawei Enterprise коммерциялық бизнес бағытының директоры Джейсон Янг.
Іс-шараның негізгі тақырыптарының бірі сапалы өнімдер мен қызметтерді ұсынуды ғана емес, сонымен қатар серіктестермен және клиенттермен олардың дамуының барлық кезеңінде белсенді өзара әрекеттесуді қамтитын коммерциялық нарықта қызмет көрсету стратегиясының таныстырылымы болды. Huawei компаниясының сервистік сарапшысы Адилет Кайрлапин Huawei-дің қаржыдан көлікке дейінгі салалардағы шешімдеріне сәтті қызмет көрсету мен іске асырудың мысалдарын айтты. Бұл тәсілдер әмбебап әрі тиімді. Сарапшы Huawei-дің клиенттерге қызмет көрсетуі жобалардағы серіктестерді қолдауды, нарықтарды кеңейтуге арналған икемді бизнес-модельдерді және компанияның жан-жақты көмегін қамтитынын айтты.
Huawei компаниясымен ынтымақтың артықшылықтарын Marvel Kazakhstan компаниясының өкілі Даурен Лукпанов та растап, бизнесті дамыту мен өсірудегі мүмкіндіктердің кең ауқымын айтты.
Біз — Қазақстан аумағында, сонымен қатар ТМД-ның басқа елдерінде Huawei компаниясының ресми дистрибьюторымыз. Компаниямыз Huawei-мен жетінші жыл жұмыс істеп келеді және бірге өте көп нәтижеге қол жеткізді. Жыл сайын біз Huawei-мен бірге айналымымызды кем дегенде екі есе арттырамыз. Болашақта біз Huawei-ді сатуда Қазақстан бойынша көшбасшы болуды, Huawei-ге үлкен жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін сенімді дистрибьютор болуды жоспарлап отырмыз, — деді Даурен Лукпанов.
Сонымен қатар іс-шарада коммерциялық нарыққа арналған аймақтық үкіметтік шешімдердің сценарийлері ұсынылды. Оның аясында Huawei деректер көлемінің жылдам өсуі жағдайында өнімділігі жоғары, сенімді және желіні қауіпсіз ететін қабілетті озық технологияларды көрсетті. Huawei корпоративтік желілеріне арналған шешімдер жөніндегі сарапшы Исламбек Баратжановтың айтуынша, үкіметтің жеңіл деректер орталығына арналған Huawei сценарийлік шешімі мемлекеттік және муниципал билік органдары үшін цифрлық жаңғыртуды жеңілдетеді. Олардың басты артықшылықтарына жергілікті басқару, жұмыс тиімділігін 100% арттыру, жеңіл және икемді жұмыс және Іntelligent O&M платформасының арқасында бірнеше минут ішінде ақауларды жою мүмкіндігі бар интеграцияланған деректер орталығы кіреді.
Іс-шара барысында Huawei-дің IP-желілеріне арналған шешімдері ұсынылды. Олар желіде тұрақты, қауіпсіздік және деректерді жоғары жылдамдықта беруге уәде берді. Ал бұл өз кезегінде цифрландыру дәуіріндегі негізгі фактор болып саналады. Huawei желілік шешімдері бойынша сарапшы Сергей Аксенов Wi-Fi 7 жаңа буыны сымсыз байланыс әлемінде революциялық өзгерістерге әкеліп, деректерді жылдам, сенімді әрі қауіпсіз ететінін атап өтті. Бұл, әсіресе, желінің жылдам әрі сенімді болғаны өнімділік пен бәсекеге қабілетті арттыруды көздейтін коммерциялық кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Huawei Central Asia Commercial Roadshow Шымкентте (23 мамыр) жалғасады, кейiн Атырауда (27 мамыр), Ақтөбеде (29 мамыр) өтеді және Астанада (31 мамыр) мәресіне жетеді. Қазақстан мен Орталық Азия үшін роудшоу — маңызды оқиға. Өйткені ол технологиялық даму мен халықаралық ынтымақ үшін жаңа көкжиектер ашады. Сонымен қатар Huawei Central Asia Commercial Roadshow Орталық Азия әлемдік технологиялық аренада маңызды ойыншы бола алатынын көрсете отырып, аймақ үшін цифрлық трансформацияның маңызын атап көрсетеді. Оқиға сонымен қатар инвестицияларды тартуға және инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді, бұл ұзақ мерзімді перспективада бизнеске де, жалпы қоғамға да айтарлықтай пайда әкелетіні сөзсіз.