Алматыда 25 мамырда Рахат Fest фестивалі өтеді. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушысы Полина Ахметова айтты.
Рахат Fest-тің екінші отбасылық фестивалі «Біріншімамыр тоғандары» («Первомайские пруды») саябағы аумағында өтеді.
Сағат 13.00-ден 22.00-ге дейін «Біріншімамыр тоғандары» саябағының аумағы сахнасы және отыратын орындары мен әртүрлі тақырыптық аймақтары бар үлкен фестиваль алаңына айналады. Биыл фестиваль бір күнге ғана жоспарланған. Іс-шараға 9 мыңға жуық қонақ келеді деген болжам бар, сондықтан орын саны да, интерактивтер де көп және қуатты лайн-ап болады.
2024 фестивалінің хедлайнерлері:
- Иван Бреусов және «101» тобы;
- Kraim сиқыршы;
- Akha;
- «Мираж» тобының алтын дауысы: Маргарита Суханкина «Слово пацана» сериалындағы топтың аңызға айналған әндерін орындайды;
- Wallem;
- Shiza;
- Hiro;
- Hammali&Navai.
Рахат фестивалін өткізу дәстүрге айналды. Екінші жыл қатарынан жазды керемет көркем жерде — Біріншімамыр тоғандарында қарсы аламыз. Биыл мұнда қонақтар да, музыка да, және интерактивтер де көп болады. Біздің команда Рахат Fest отбасылық фестивалін одан да жақсартуға тырысты, сондықтан дайындық бірнеше айға созылды. Бұл міндетті түрде көруге болатын фестиваль: мұнда сіз ең қадірлі де құрметті қонақтарды көресіз, дәмді тағамдар да, драйвтық көңіл-күй де, таңғажайып Line-up та осында, — деді Полина Ахметова.
Саябақта 20 мейрамхана мен 10 бар жұмыс істейді, олар фестиваль қонақтарын әртүрлі тағамдармен, салаттармен, ыстық тағамдармен, десерттермен, сусындармен қарсы алады.
Фестиваль аймақтары: food zone, kids zone, pop-up market, wellness&beauty, 21+, silent disco, photozone, activity. Сонымен қатар қонақтар брендтер ұйымдастыратын ұтыс ойындары мен іс-шараларға қатыса алады.
Фестиваль алаңына автобустар Алматыдағы Балауан Шолақ атындағы спорт сарайынан (Байтұрсынов көшесі бойындағы, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы тұрақ) Біріншімамыр тоғандарына дейін қатынайтын болады.
Қалаға оралатындарды автобустар Біріншімамыр тоғандары тұрағында күтеді.
Автобус кестесі:
- қаладан: сағат 12-де, сағат 13-те, сағат 14.30-да;
- қалаға: сағат 22.00-де , 22.30-да жүреді.
Барып-қайту трансферінің құны 1 адамға — 3 500 теңге. Билеттерді операторлардан алдын-ала сатып алу керек.
12 жасқа дейінгі балалар үшін ата-аналарымен кіру тегін (әрбір ата-ана өзі үшін билет сатып алады, балалары болса, өзімен бірге кіргізу үшін жасын растау үшін әр баланың туу туралы куәлігі болуы керек).
Аумаққа сырттан әкелінген сусындармен, тағамдармен кіруге тыйым салынады!
18+ жасқа толған азаматтар ата-ана сүйемелдеуінсіз кіре алады.
Фестиваль қонақтары үшін биотуалеттер орнатылады, аумақты кәсіби қорғаныс қызметі күзетеді, іс-шара өтетін күні шомылуға қатаң тыйым салынады.
Билеттерді zakazbiletov.kz сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу мен аккредиттелу үшін Марина Гяуроваға 8 777 364 19 33 телефоны бойынша хабарласуға болады.