Басты бет Жаңалықтар Назым Қызайбай өзінің спорт киімдерін шығарды

Назым Қызайбай өзінің спорт киімдерін шығарды

Ел тарихында алғаш рет бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай өзінің спорттық киімдерін шығарды.

Бокстан ҚР жеті дүркін чемпионы Назым Қызайбай «NK Team» атауымен өз ісін бастады. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында хабарлады.

«Көздеген мақсатында жеткен адамдардың көпшілігі өз туындыларын шығаруда. Мен де сүйікті ісіме өз үлесімді қосқым келді», — деп жазды боксшы.

Назым Қызайбайдың жоспарлауынша, киімдерге «ChampioNKa» белгісімен қатар, рух беретін сөздер де жазылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version