Назым Қызайбай өзінің спорт киімдерін шығарды

Бокстан ҚР жеті дүркін чемпионы Назым Қызайбай «NK Team» атауымен өз ісін бастады. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында хабарлады.

«Көздеген мақсатында жеткен адамдардың көпшілігі өз туындыларын шығаруда. Мен де сүйікті ісіме өз үлесімді қосқым келді», — деп жазды боксшы.

Назым Қызайбайдың жоспарлауынша, киімдерге «ChampioNKa» белгісімен қатар, рух беретін сөздер де жазылады.

ДереккөзInform.kz