Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай – 1978 жылы 10 сәуірде Маңғыстау облысының Бейнеу кентінде туған.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Атырау тасымалдау бөлімшесі стансасында кезекші болып бастаған.
2022 жылдың қазан айынан — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.
2023 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры – басқарма төрағасы қызметін атқарды.