Израильдің Газа секторында 7 қазаннан бері жалғасып жатқан шабуылы нәтижесінде қаза болған палестиналықтардың саны 35 272-ге жетіп, 79 205 адам жараланды.
Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесінде айтылған.
Ведомствоның мәліметінше, кейінгі тәулікте эксклавтың тағы 39 тұрғыны қаза болып, 64-і жараланған.
Баяндамада әлі де қаза болғандардың денесі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатқаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.