Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайда заңсыз салынған нысанды бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ауданы шамамен 544 шаршы метр болатын объектіні меншік иесі (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз шаруашылық тәсілмен тұрғызған.
Құрылыс басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады. Сонымен қатар жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді. Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін меншік иесі ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.
2023 жылғы 9 маусымда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың объектіні бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылды. Содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді. 2023 жылы 21 қыркүйекте Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды, — делінген хабарламада.