Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 440-445 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,1-442,9 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 440-445 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 440,90 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,77-4,85теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,85 теңгеден сатылып жатыр.