Басты бетЖаңалықтарАқмола облысының...

Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин шұғыл түрде Атбасар қаласына барды

Оның сөзінше, Жабай өзенін бойлай орнатылған су бөгетінің бойында ақау шыққан. Инертті материал салынған қаптармен нығайтылған, одан оң нəтиже шықпады. Сол себепті қосымша котлован қазылған. Қазіргі кезде мұндағы жағдайды тұрақты деп айтуға болады.

Айта кетейік, қазіргі кезде Атбасар қаласында су алған үйлер жоқ. Қауіпті аумақта орналасқан 20 үйдегі 12 отбасы (41 адам) мен үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді.

Жалпы, су тасқынының алдын алу шараларына ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен ұлттық гвардия сарбаздары жəне Көкшетау техникалық институтының курсанттарынан құралған 300 адам жəне 50 арнайы техникасы, сондай-ақ 16 құтқару жəне су сорғыш техникасы жұмылдырылатын.

Аймақ басшысы су тасқынына шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды, барлық күшті жұмылдыра отырып, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Еске сала кетейік, өткен жылы Атбасар қаласында су тасқынына жол бермеу мақсатында Жабай өзенін бойлай ұзындығы 9 шақырым су бөгеті тұрғызылған болатын.

Аймақ басшысы Атбасардағы жағдайға қаныққан соң, Аршалы ауданына аттанды. Осы күні Атбасардан бөлек Аршалы ауданындағы елді мекендерге де қауіп төніп тұр.