Атырау облысында тағы бір ауданның тұрғындары эвакуацияланды. Құтқарушылар Махамбет ауданының тұрғындарына көмек беріп жатыр.
Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Талдыкөл ауылындағы тұрғындар ерікті түрде көшіріліп жатыр. Тұрғындарды эвакуациялауға 25 орындық төрт автобус, 12 орны бар 2 ГАЗель автокөлігі мен 30 қызметкер тартылған.
Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан тұрғындарды Атырау қаласына эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.