«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдарды уақытша жабады.
13 мамыр мен 2 маусым аралығында «Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолы жабық болады, ал 13 мамыр мен 31 мамыр аралығында «Комби-1 және «Комби-2» аспалы жолдары да жабылады. 19 мамыр мен 24 мамыр аралығында Медеу-Шымбұлақ жартылай жолының жүк-тартқыш арқанын қысқарту жұмыстары жүргізіледі, құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Жұмыс кестесіндегі өзгерістер мен аспалы жолдардың жұмысын қалпына келтіру күні қосымша хабарланады.