Республика бойынша 54 703 адам өз үйіне оралды. 5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Республика бойынша 54703 адам өз үйіне оралды. 5 291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде. 11134 тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, — делінген хабарламада.