Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы жылыту маусымына қалай дайындалатынын айтты.
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында биыл электр станцияларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланған. Екі энергоблокта, 12 қазандық пен екі турбинадағы жөндеу жұмыстары әр түрлі сатысында тұр. Бір энергоблок пен бір қазандықта және төрт турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды, — деді ол.
Министрдің айтуынша, жалпы ұзындығы 20 мың шақырымнан астам электр желісі жаңарады.
Жалпы ұзындығы 20,9 мың шақырым болатын электр беру желілерін, сонымен қатар жоғары кернеулі 423 кіші станцияны жөндеу жоспарланған. Электр желілерін жөндеу бекітілген графиктерге сәйкес жүргізіліп жатыр. Барлық өңірдегі электр станцияларында жөндеу жұмыстары графиктерге сәйкес жүргізіліп жатыр, кешігіп жатқан жоқ, — деді Алмасадам Сәтқалиев.