Басты бетЖаңалықтарШетел азаматтары...

Шетел азаматтары үшін бензин мен дизель бағасы өзгереді: энергетика министрі бұйрыққа қол қойды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шетелдіктер үшін бензин мен дизель отынының жаңа бағасын белгілейтін бұйрыққа қол қойды.
Құжатта стационарлық автожанармай құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағалары белгіленді:
1. Аи-80 маркалы бензин – литрі 89 теңге,
2. Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – литрі 245 теңге:

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – литрі 205 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – литр үшін 205 теңге.

3. дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – литрі 315 теңге:

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде –литрі 295 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – литрі 295 теңге.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.