«Қарапайым қыз, шоу-бизнеске қатысы жоқ, әнші емес. Тойды Оразаға дейін, мамырдың соңында өткізгіміз келеді», — деп хабарлады Шоқан Маратұлы.
Ол болашақ жарының Райымбек Баталовтың қызы Әнел екенін растады. Әнші тойдың қалай өтетінін әзірше айта алмады: «Ұйымдастырып жатырмыз, сондықтан айта алмаймын», — деді Шоқан.
Ол сүйіктісіне 7 сәуір күні кинотеатрда ұсыныс жасаған.
«Сәлем бәріңе! Бір минут уақыттарыңызды бөле тұрсаңыздар екен. Дәл қазір осы жерде сіздермен бірге отырған ең әдемі, әрі ең тамаша бір қызға, иә, Әнел, саған бір нәрсе айтқым келеді. Мен сен сияқты қызды өмір бойы күттім. Сондықтан да, егер маған тұрмысқа шығуға келіссең, мен әлемдегі ең бақытты жан болар едім. Әнел, маған тұрмысқа шықшы»,- дейді Шоқан өзінің бейнежолдауында.
Айта кетейік, Шоқан мен Әнел 2016 жылдан бері бірге. Ал, Шоқанның шын есімі — Шухрат Умаров.
Райымбек Баталов — бизнесмен,»Алматы зообағына әлеуметтік көмек» қорының басшысы, Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы. Ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең беделді 50 бизнесменінің қатарына кіреді.