Елбасының тапсырмасы бойынша 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Осылайша алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.
Латын әліпбиіне көшуге дайынбыз ба? (Видео)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың аяғына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Қазақстан халқы латын әліппесіне көшуге дайын ба? Қарапайым халық бұл өзгерісті қалай қабылдайды? Азаттық радиосы халық арасында сауалнама жүргізіп көрді. Жауаптары видеода.