Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-449 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 23 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 445,66 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,78 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444-449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 446,5-448,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,73—4,79 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 22 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,78 теңгеге төмендеп, 445,66 теңге болған.