Басты бет Қоғам Ғалымда Комодо келесінің қанынан жұқпалы ауруларға қарсы антибиотик жасамақ

Ғалымда Комодо келесінің қанынан жұқпалы ауруларға қарсы антибиотик жасамақ

АҚШ-тағы Джордж Мейсон университетінің ғалымдары комодо келесінің қанынан жұқпалы жараларды емдеуге болатын синтетикалық зат тапты.

Комодо келесі - әлемдегі ең үлкен кесіртке ©SCIENCE PHOTO LIBRARY

Ғалымдар бұл затты терісінде жұқпалы жарасы бар тышқанға сынап көрді. Бұл жаралар ең қауіпті деп саналатын Pseudomonas aeruginosa пен Staphlyococcus aureus бактерияларынан туындайды. Сынақтың нәтижесінде тышқанның терісіндегі жаралар жойылып кеткен.

Осыдан кейін ғалымдар одан жұқпалы жараларға қарсы антибиотик алуға болатынына көз жеткізді. Ғалымдардың айтуынша, бұл препарат жұқпалы аурулардың қоздырғышы — патогендермен күресуге жол ашады. Алайда, ол үшін өте көп зерттеулер мен тәжірибелер өткізу керек.

Индонезия аралдарында тіршілік ететін кеселдің аузында бактериялардың 80 түрлі штаммы бар. Олардың кейбіреуі сепсис туғызады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version