Қазақстан азаматтары наурызды қалай тойлады?

Фото: TikTok

19 сәуірде TikTok #Наурыз2024 онлайн фестивалін қорытындылады. Биыл желі қолданушылары 27 мың видео түсіріп, Наурызды онлайн әлемде ауқымды деңгейде атап өтті.

Titktok-тың #Наурыз2024 онлайн фестивалі осымен екінші жыл қатарынан мәдениет және ақпарат министрлігінің, туризм және спорт министрлігінің және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қолдауымен өтті.

Қазақстан азаматтары осы фестиваль аясында 27 мың ролик түсіріп, Наурыз тойын танымал етуге үлес қосқан. Кейінгі бірнеше жылда TikTok миллиондаған қазақстандық қолданушының тіркеліп, өз ұлттық мәдени байлығын, ана тілінің көркемдігін көрсетіп, сүйікті мерекелерін атап өтетін алаңына айналды.

Биыл TikTok Наурыз мейрамының құрметіне екінші рет ауқымды онлайн-фестиваль ұйымдастырып, қолданушыларды елдің әр түкпіріндегі отандастарға мерекелік көңіл-күй сыйлауға шақырды. 

Фото: TikTok

Жобаны суретші Ассоля (@assolyaa) сияқты танымал авторлар қолдап, көңілді шығармашылық құттықтау-ролик жолдады. Қазақстан қалаларының мәдениеті мен тарихы туралы танымдық контенттің авторы Митя Байназаров (@mbainazarov) Наурыз тарихы туралы бейне түсірсе, домбырашы Белес (@dombrart) баршаға әйгілі болған мерекелік әннің қалай туғанын баяндады. 

Арнайы хештег бойынша видео түсірген қолданушылар өздері тұратын өңірде Наурыз қалай тойланатынын көрсетті, TikTok қолданушыларын отбасыларымен бірге виртуал түрде мейрамды бірге тойлауға шақырды. Ал жас қыздар ұлттық киім киіп, бетін ұлттық үлгіде әдемілеп әрлеп видео түсірді. Тағы бір топ қолданушы бауырсақ пен наурыз көже пісіріп, мерекелік дастархан жасау бойынша жарысқа қатысты.

Фото: TikTok

Жұма күні жобаға қатысқан қолданушылардың арасынан ең креативті бейненің авторы анықталды. Наурыз-көже пісіру бойынша эстетикалық видеомәзір үшін @araika_baibek парақшасының авторы, домбыраның құлағында ойнаған @aitolkyn_toktagan, сонымен қатар Орал қаласындағы мектептердің бірінде тамаша атап өтілген Наурыз мейрамы туралы бейнеролик авторы @umit_adilbekovna үздік деп танылды. Жеңімпаздың барлығы TikTok сыйлықтарына ие болады.

Биылғы бірлескен жобамыз ерекше нәтижемен қуантты. Мерекелік контенттің екі есеге артуы қазақстандықтардың ұлттық және мәдени құндылықтарға баса назар аудара бастағанын көрсетеді. Оның үстіне жыл өткен сайын Наурыз мейрамының ауқымы да ұлғайып жатыр. Осы жобаға қатысқан барша отандастарыма алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтағым келеді. Алдағы уақытта да біздің жобамыздың ауқымы бұрынғыдан да кеңейе түседі деп ойлаймын. Өйткені енді шетелдік аудитория арасында да ұлттық құндылықтарымызды осылай насихаттаймыз, — дейді «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.

TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің басшысы Екатерина Блинец Наурыз тойының ауқымын ұлғайтуға үлес қосқанына қуанышты екенін жеткізді.

Кезекті рет Қазақстандағы TikTok қауымдастығына сүйікті мейрамды тек отбасы мен жақындарымен емес, платформаның мыңдаған қолданушысымен бірге атап өтуге мүмкіндік бергенімізге қуаныштымыз. Биыл қолданушылардың төл мәдениетіне екі есе қызыққанын байқадық, — дейді ол.