Алдағы күндері еліміздің солтүстік-батыс, қиыр солтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлімдеді.
Кеше Жамбыл облысы бойынша гидрологиялық дауыл туралы ескерту жарияланды. 23-26 сәуір аралығында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде, – деді ол.