Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 22 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 446,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,79 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446-450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447,1-448,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,72-4,78 аралығында саудаланып жатыр.