«ҚазАвтоЖол» компаниясы үш облыста республикалық маңызы бар автожолдарда козғалыстың ашылғанын хабарлады.
21 сәуірде республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысы ашылды.
Ақмола облысы:
«Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 377-440 шақырымы (Қостанай облысының шекарасы – Державинск қаласы учаскесі);
Қостанай облысы:
«Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 339-377 шақырымы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы учаскесі);
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» автомобиль жолының 17-72 шақырымында (Якорь ауылы – Қызылжар бақылау-өткізу пункті учаскесі).