Алматыда тамыз айына дейін «Мохнатка» және «Горельник» тауларының беткейлері нығайтылады.Бұл туралы Аллматы әкімдігі хабарлады.
Ерболат Досаев «Медеу – Шымбұлақ» жолындағы тастардың құлауы салдарынан болған залалдарды жою жұмыстарымен танысты. Тастардың құлауы мүмкін. Сондықтан беткейлерді нығайту, нөсер жүйесін салу және жолды жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин қала басшысына тау бөктеріндегі нығайту жұмыстары бойынша мәселе жоспарлы түрде шешіліп жатқанын жеткізді. 2023 жылдың қазан айында «Медеу – Шымбұлақ» жолындағы құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары басталды. Жартастың құлауынан жартылай зақымдалған қорғаныс қабырғасы бөлшектелді.
«Мохнатка» және «Горельник» тауларының баурайынан шамамен 80 мың текше метр тас шығарылды және 21 мың текше метр жер үйінділерден тазартылды.
Ерболат Досаев жұмыстарды белгіленген мерзімде — осы жылдың тамыз айына дейін аяқтауға тапсырма беріп, бұл мәселе қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында қатаң бақылауда екенін атап өтті.