Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445–450 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,05—448,68 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 445—450 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 447,40 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,76 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,70—4,80 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,65—4,78 теңгеден сатылып жатыр.