Басты бет Жаңалықтар 15 сәуірде Димаш қатысып жатқан «Singer» байқауының финалы көрсетіледі

15 сәуірде Димаш қатысып жатқан «Singer» байқауының финалы көрсетіледі

15 сәуірде Қазақстан уақытымен сағат 22.00-де «Хабар» телеарнасы Қытайда өтіп жатқан «Singer» байқауының финалын көрсетеді.

Димаш Құдайберген қатысып жатқан Қытай елінің жобасы «Мен әншімін» деген атаумен «Хабар» телеарнасында көрсетіледі. Димаш байқауда жеке бір ән орындайды және дуэтпен орындайтын әні де бар.

Финал телевизиялық трансляциямен қатар Алматыдағы «Mega Alma-Ata» СОСО мен Астанадағы «Mega Silk Way» СОСО үлкен экрандарында көрсетілетін болады.

Ал бүгін «Хабар» арнасында сағат 21:30-да Димаштың өмірі туралы деректі фильм көрсетіледі. Фильмде өнер иесінің туған-туысқандары, достары мен курстастары Димаш туралы пікірлерімен және оның өмірінің белгісіз деректерімен бөліседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version