Басты бет Жаңалықтар Орта Азиядағы ең биік аттракцион — Алматыда

Орта Азиядағы ең биік аттракцион — Алматыда

Алматыны енді тек Көктөбеден ғана емес, Орта Азия құрлығындағы ең биік аттракционнан да тамашалауға болады. Мега ойын-сауық орталығының қасынан бой көтерген бұл аттракционның биіктігі 60 метрді құрайды.

Адамдарды отырғызуға арналған орын саны 208. Жаңа нысанның әрбір кабиналарында Алматы қаласының көрнекті жерлері жайлы үш тілде ақпарат беретін аудиогид орнатылған.

Аттракциондарды саябақтарда емес, қала ландшафтына үйлестіре орналастыру – урбанизацияның заманауи бағыты. Бұл ірі мегаполиспен танысуға келген туристердің қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Аталмыш жобаға тартылған инвестиция құны 1,6 млрд теңгені құрайды. Ал  өзін-өзі ақтау мерзімі шамамен бес-алты жыл деген болжам бар. Салмағы 360 тонналық дөңгелектің фундаментін құю үшін 857 тонна бетон қажет болды. Жаңа нысан барлық техникалық талаптарға сай тұрғызылып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version