Су тасқынынан құтқарылған адам саны 117 мыңнан асты

Төтенше жағдай министрлігінің сағат 00.00-дегі ақпараты бойынша, елімізде су тасқыны кезінде құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті.

Азаматтық қорғау қызметтері 117 617 адамды, оның ішінде 43 887 баланы құтқарды. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 18 651 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 143 бала бар, — делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін 10 миллион текше метр еріген қар суы сорылды, 3,1 миллионнан астам қапшық пен 1,4 миллион тонна инертті материал төселді. 4 134 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан су бұрылды.

Зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.